Өзбекстан ұлттық саябағы жаңа формада ашылды

    Билік 27 Avgust 2022 11626

    Мемлекет басшысы Өзбекстан ұлттық саябағында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты.

    Бұл саябақ 1932 жылы Асар жолы арқылы салынып, көп жылдар бойы халықтың сүйікті орны болған. Кейіннен саябақ аймағында құрылыстар басталып – Жазушылар даңғылы, Жазушылар одағының ғимараты, Ташкент қалалық тарихи мұражайы, «Magic сity» ойын-сауық орталығы салынды.

    Президент бұл саябақтың тарихи бейнесін сақтау, мұнда ұлттық салт-дәстүрімізге тән ахуал қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын.

    Соның негізінде 14 гектардан астам аумақта ауқымды жұмыстар жүргізілді. Әкімшілік ғимарат, мейрамханалар салынды, көпірлер мен жолдар жаңартылды. Жалпы ауданы 40 мың шаршы метр көл қалпына келтірілді. Көлдің түбінен су ағып, лайланып кетпес үшін арнайы жабындық төселді. Жағалаулар ретке келтіріліп, бассейн салынды. Мыңнан астам ағаш пен 200 мыңға жуық көшет отырғызылды.

    Мемлекет басшысы сондай-ақ осы саябақта ақсақалдар, әдебиет және өнер қайраткерлермен әңгімелесті. Оларды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл саябақтың маңыздылығына тоқталды.

    – Бүгінде қалаларымызда болып жатқан өзгерістер жақсы. Бірақ біз өз құндылықтарымыз бен естеліктерімізді құрметтеуіміз керек. Бұл саябақ Ташкенттің ең атақты жері болған және оның символдарының біріне айналған. Адамдар мұнда серуендеуге келді, суретшілер табиғаттан ләззат алып, шабыт алды. Студенттер мен жастардың ең қызықты сәттері осында өтті. Біз бұл тарихты бүгінгі күнмен үндестіруіміз керек, – деді Шавкат Мирзияев.

    Ұлттық саябақта мазмұнды демалу үшін барлық жағдай жасалған. Сіз отбасыңызбен немесе достарыңызбен серуендеуге, тамақтануға, шахмат және теннис ойнауға, велосипедпен жүруге болады.

    – барлығымыз сол танымал кинолардағы «Әсем Ташкент» сынды әндерді, өнерпаздарымыз орындауындағы әндерді бәріміз жақсы білеміз, олар жүрегімізден орын алған. Сондықтан да осы бақта мұндай әндердің үнемі естілетініне мән бердік. Бұрынғыдай бұл жерде мүшайра, концерт, кинолар өткізу орынды деп ойлаймын. Бұл біздің саябақты жәнеде берекелі әрі көркем ететін болады, – деді Шавкат Мирзияев.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates