Өзбекстан соңғы 5 айда 10 мыңға жуық электромобиль импорттаған

    Көлік 3 Iyul 2025 1999

    Соңғы 5 айда Өзбекстанға құны 325,3 миллион долларға жеңіл көліктер әкелінді.

    Статистика комитетінің мәліметінше, 2025 жылдың январь-май айларында елімізге 18 387 жеңіл көлік әкелінсе, соның 9 789-ы электромобильдер. Осы кезеңде Өзбекстанға автокөлік жеткізу бойынша жетекші елдер төмендегідей:

    Қытай – 15 873 дана;

    Корея Республикасы – 1882 дана;

    Үндістан – 168 дана;

    Жапония – 122 дана;

    АҚШ – 82 дана;

    басқа елдерден – 260 дана.

    Сондай-ақ, 2025 жылдың соңғы бес айында Өзбекстанға жалпы 153 814 дана түрлі үлгідегі жеңіл автокөлік (арнайы жеңіл автомомбильдерден тыс) жасап шығарылған.