Өзбекстан-Әзербайжан Біріккен үкіметаралық комиссиясының 11-жиналысы өтті

    Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев пен Әзербайжан Республикасының Экономика министрі Микайил Жаббаров төрағалығында Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық біріккен комиссияның (ҮК) 11-жиналысы өтті. Шараға негізгі министрліктердің, кеңселердің, сала бірлестіктерінің, коммерциялық банктер мен оқу орындарының, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары қатысты.

    Жиналыста инвестициялық, өнеркәсіптік, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды және келісіп алынды.

    Құттықтау сөзінде екі ел делегацияларының басшылары Өзбекстан мен Әзербайжан басшылары арасындағы шынайы да сенімді қарым-қатынастардың арқасында нығая түскен екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды әрі тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Ортақ мақсаттар тоғысқан салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға өзара ұмтылыс атап өтілді.

    Атап айтқанда, инвестициялық ынтымақтастық және өнеркәсіп кооперациясын талқылау аясында Бард қаласының маңындағы 6 ауданда кластерлер құрып, жібек өндірісін жолға қою, Евлах пилоттық агропаркі мен Агдам өнеркәсіп паркінде жаңа жобаларды әзірлеу, Ташкент қаласында зергерлік бұйымдар шығаратын біріккен кәсіпорын құру, химия өнеркәсібі, энергетика, мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты дамыту сияқты біріккен жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар мәселелер бойынша келісілді.

    Тек 2021 жылдың өзінде Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айырбастау көлемі 40 пайызға, ал биылғы жылдың басынан бері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62 пайызға өскені айтылды. Өзара сауданы жеделдету мақсатында Өзбекстан-Әзербайжан Іскерлер кеңесінің жыл сайынғы жиналысын және өзара сауда миссияларын өткізу практикасы енгізіледі.

    Ағымдағы жылдың июль айында жоғары деңгейдегі келіссөздер аясында белгіленген үстем бағыттардың қатарында аумақтардың өзара ынтымақтастығы да белгіленді. Осы бағыттағы практикалық шараларды талқылау барысында тараптар ағымдағы жылдың ноябрь айында Ташкент қаласында Аумақтардың бірінші форумын, сондай-ақ Өзбекстан мен Әзербайжанның түрлі облыстарындағы тауар өндірушілер көрмесін ұйымдастыруға келісті.

    Көлік-логистикалық әлеуетті іске асыру шеңберінде Транс-Каспий бағыты бойынша екіжақты және транзиттік тасымал көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ үстіміздегі жылдың июнь айында жоғары деңгейде қол қойылған халықаралық автомобиль ттранспорты келісімшарты аясында істерді жеделдету қажет екендігі атап өтілді.

    Кездесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстар аясындағы ынтымақтастық, екіжақты саяхатшылар ағынын арттыру және білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, соның ішінде екі елдің университеттері арасындағы тікелей қарым-қатынастарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кездесу соңында екіжақты құжаттар жинағына қол қою рәсімі өтті. Атап айтқанда, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік кооперацияны тереңдету және кеңейту жөніндегі бірлескен «Жол картасы», Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау органдары арасындағы өзара Түсіністік туралы меморандум, Әзірбайжан Республикасының экономикалық аймақтарды дамыту агенттігі, сондай-ақ «Узбекипаксаноат» және «Узтекстилсаноат» Бірлестіктері арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум заңды күшіне енді. Шара барысында қол жеткізілген барлық келісімдер делегация басшылары қол қойған кездесудің қорытынды хаттамасында көрсетілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates