Өзбекстан, Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасында «Жасыл дәліз» жобасы аясында құрылтай келісіміне қол қойылды, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзбекстан, Қазақстан және Әзербайжан Республикаларының арасында «жасыл» энергия өндіру және тасымалдау саласындағы ынтымақтастығы кеңейіп келеді.
2024 жылдың 27 декабрь күні Өзбекстан, Қазақстан және Әзербайжан Мемлекет басшылары тарапынан 2024 жылдың 23 ноябрь күні қол қойған Өзбекстан, Қазақстан және Әзербайжан Республикалары арасындағы «жасыл» энергетика өндіру және ұзату» жобасы бойынша келісімді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттердің жүйелік операторлары (Өзбекстан Республикасынан – «Өзбекстан ұлттық жүйелері» АҚ, Қазақстан Республикасынан— «KEGOC» АҚ, Әзербайжан Республикасынан —«Azerenerji» ОАЖ) тарапынан құрылтай келісімшартына қол қойылды.
Осы жоба энергетикалық жүйелеріміздің тұрақтылығын нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ «жасыл» инвестициялар арқылы жылыжай газдары шығарындыларын азайту жөніндегі экологиялық мақсаттарымызға айтарлықтай үлес қосады.
Ақпарат ретінде: тараптар жобаны жүзеге асыру үшін Әзербайжанның Баку қаласында бірлескен кәсіпорын құру туралы ұсынысты қабылдады. Атап айтқанда, «CESI» компаниясы жобаның техникалық-экономикалық негізін дайындауға консалтингтік компания ретінде қатысады.