Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке одан әрі жақындады

    Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу туралы Пәкістанмен және Тайландпен екіжақты келіссөздерді аяқтады.

    «Бұл хаттама [базарға кіру бойынша келіссөздерді аяқтау туралы] бауырлас елді Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке одан әрі жақындатады», - деп жазды 7 декабрь күні LinkedIn-де Пәкістанның ДСҰ-дағы тұрақты өкілі Али Сарфраз Хусайн.

    Таиландтың ДСҰ-дағы өкілі Пимчанок Питфилд та Өзбекстанның ұйымға мүше болуы туралы хаттамаға қол қойғанын мәлімдеді.

    «Біз Өзбекстанның көпжақты сауда жүйесіне ертерек қосылуын асыға күтеміз және ДСҰ-на мүшелігі Өзбекстанға көбірек сауда мен инвестиция әкеледі деп сенеміз. Бұл екіжақты деңгейде қалыптасқан сауда қатынастарын нығайтуға және болашақта халықтар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ұмтылысымыздың дәлелі», - деді ол.

    Соңғы екі айда Өзбекстан Филиппин, Сальвадор, АҚШ және Қытаймен де келіссөздерді аяқтады.

    No date selected
    January 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates