Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған елшілерден сенім грамоталарын қабылдап алды

    Билік 27 Dekabr 2021 5018

    27 желтоқсанда Өзбекстандағы шет мемлекеттердің жаңадан тағайындалған елшілері сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Латвия Республикасының Елшісі Рейнис Трокша, Венгрия Елшісі Дьюла Ковач, Франция Республикасы Елшісі Орелия Бушез және Сауд Арабиясы Корольдігінің Елшісі Юсуф әл-Утайбиден сенім грамоталарын қабылдап алды.

    Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған елшілерді Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен шын жүректен құттықтап, елдегі демократиялық реформаларды жалғастыруға, Жаңа Өзбекстанды дамыту стратегиясы негізінде кешенді реформаларды жүзеге асырудағы жүйелілікті қамтамасыз етуге бел байлағанын атап өтті.

    Басты міндет – Өзбекстанды 2030 жылға қарай орташадан жоғары табысы бар елге айналдыру. Осы мақсатта нарықтық реформаларды тереңдетуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жеке секторды қолдауға, шетелдік инвестиция мен технологияларды тартуға үлкен көңіл бөлінуде.

    Орталық Азия елдерімен тату көршілік пен әріптестікті нығайту басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

    Өзбекстан Ресей, Қытай, АҚШ, сондай-ақ Еуропа, Оңтүстік Азия, Азия-Тынық мұхиты аймағы және Таяу Шығыс елдерімен көп қырлы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге көтеруде.

    Мемлекет басшысы өңірдің құрамдас бөлігі саналатын Ауғанстандағы жағдайды реттеуді қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең маңызды факторы деп атады. Өзбекстан осы жақын көршіде экономикалық және гуманитарлық дағдарыстардың алдын алу және бейбітшілікті нығайту үшін халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастыққа дайын, деді Президент.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates