Әбу-Даби халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті Шейх Мансур әл-Нахаян және басқа ресми тұлғалар қарсы алды.
Жоғары мәртебелі қонақтың құрметіне арнап салтанатты қарауыл сап түзеп, екі елдің мемлекеттік тулары көтерілді.
Сапар бағдарламасына сәйкес, ертең, 14 қаңтар күні Өзбекстан Президенті «Әбу-Даби тұрақты даму апталығы» халықаралық саммитіне қатысады.
БАӘ-нің жетекші ұйымдары, компаниялары мен банктерінің басшыларымен кездесулер де жоспарланған.
15 қаңтар күні жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.