Өзбекстан Президенті жұмыс сапарымен Германияға барады

    Билік 27 Sentabr 2023 2623

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Германия Федералдық Rанцлері Олаф Шольцтың шақыруымен 28-30 қыркүйек күндері жұмыс сапарымен Берлин қаласында болады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес Федералды Канцлер Олаф Шольц және Федералды Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен екіжақты келіссөздер, сондай-ақ Орталық Азия және Германия мемлекет басшыларының кездесулері жоспарланған.

    Мемлекет басшысы Германия экономикасының Шығыс комитеті ұйымдастыратын іскерлік шараларға қатысуы көзделген.

    Күн тәртібінде Өзбекстан Президентінің осы жылдың мамыр айында Германияға ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, Германияның жетекші компаниялары және банктерімен инвестициялық, инновациялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері орын алған.