Мемлекет басшысы Шуша қаласында өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының «Көлік өзара тәуелділігі мен климаттың өзгеруіне қарсы күресу арқылы тұрақты болашақты құру» тақырыбындағы бейресми саммитіне қатысады.
Саммит барысында ең алдымен сауда-экономика, көлік-коммуникация және инвестиция-қаржы, сондай-ақ «жасыл» экономика, жаңартылатын энергия көздері, климаттың өзгеруімен күрес және адами капиталын дамыту салаларындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланады.
Делегация басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелерді де қарастырады.
Шара соңында бірқатар бірлескен құжаттар қабылданады деп күтілуде.