Цюрих халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Біріккен сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Дорит Пробст қарсы алды.

Сапар бағдарламасына сәйкес, 22 қаңтар күні Давос қаласында Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың бастамасымен ұйымдастырылып жатқан Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсіміне қатысып, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарланған.