Өзбекстан Президенті Анкараға келді

    Билік 6 Iyun 2024 1744

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жұбайымен бірге Түркияға ресми сапармен келді.

    Мемлекет басшысын «Есенбұға» әуежайында Түркияның вице-президенті Джавдат Йылмаз және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. Жоғары мәртебелі меймандар құрметіне құрметті қарауыл сап түзеді.

    Ертең екі ел басшыларының төрағалығымен жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы өтеді.

    Келіссөздер аясында Өзбекстан-Түркия жан-жақты стратегиялық серіктестігін дамыту, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес екі елдің жетекші кәсіпорындары және компанияларының басшыларымен алғаш рет бірлескен кездесу өткізу жоспарланып отыр.


    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates