Өзбекстан Президенті АҚШ-қа жасаған сапарын аяқтады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Америка Құрама Штаттарына жасаған жұмыс сапарының мазмұнды әрі нәтижелі бағдарламасы аяқталды.

    Мемлекет басшысы Вашингтон қаласындағы Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамппен тиімді келіссөздер жүргізді, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен АҚШ көшбасшыларының «C5+1» форматындағы саммитіне қатысты.

    Кездесулер нәтижесінде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық керіктестікті тереңдету, сондай-ақ «C5+1» форматы шеңберінде Орталық Азия мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде бірқатар келісімдерге қол жеткізілді.

    Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сенатор Стив Дэйнс, конгрессмендер Кэрол Миллер, Билл Хайзенга және Сидни Камлагер-Давпен кездесті.

    Өзбекстан басшысы сондай-ақ АҚШ Сауда министрі Ховард Латник, Эксимбанк президенті әрі төрағасы Джон Йованович, Халықаралық қаржылық даму корпорациясының бас атқарушы директоры Бен Блэк және «General Motors International» компаниясының жаһандық атқарушы директоры Шилпан Аминмен келіссөздер өткізді.

    Іскерлік бағдарлама аясында АҚШ іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

    Кездесулер мен келіссөздердің қорытындысында бірқатар екіжақты және көпжақты құжаттар қабылданды.

    Сапар шаралары аяқталған соң, Өзбекстан Республикасының Президенті Ташкент қаласына қайтып оралды.