Тараптар кейінгі күндері Таяу Шығыстағы жағдайдың барған сайын шиеленісіп, қақтығыстар мен қайшылықтардың күшейіп бара жатқаны үлкен алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.
Қасиетті Рамазан айында орын алып отырған мұндай көңілсіз оқиғалар халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келетіні және бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін кез келген әрекеттерді дереу тоқтату қажеттігі баса айтылды.
Мемлекет басшысы осы күрделі кезеңде Өзбекстанның стратегиялық серіктесі әрі жақын әріптесі болып саналатын Біріккен Араб Әмірліктерінің басшылығы және халқымен ынтымақтас әрі ниеттес екенін білдірді.
Сондай-ақ қазіргі уақытта аталған елде жүрген Өзбекстан азаматтарына көрсетіліп жатқан көмек және оларды Отанына қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар үшін айрықша алғыс айтты.
Өз кезегінде БАӘ көшбасшысы осынау сын-қатерлі кезеңде Өзбекстан Президентінің шынайы қолдауы, бауырластық құрметі мен ынтымақтастық рухы үшін ризашылығын білдірді.