Өзбекстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне барды

    Билік 16 May 2022 6340

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 15 мамырда Біріккен Араб Әмірліктеріне сапармен барып, Әбу-Даби әмірі шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

    Мемлекет басшысы Әбу-Дабидегі Президенттік кешенде Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңадан сайланған Президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

    Кездесу басында Мемлекет басшысы Әмірліктердің Президенті мен достас халқына Президент Халифа бен Заид Әл Нахаянның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Шейх Халифаның елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен көп қырлы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға зор үлес қосқаны атап өтілді.

    Сондай-ақ Шавкат Мирзияев Шейх Мұхаммад Әл Нахайянды жоғары мемлекеттік лауазымға сайлануымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Президенттер Өзбекстан мен БАӘ арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады.

    Мемлекет басшысы сондай-ақ БАӘ Сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид Әл Нахаянмен және Премьер-министрдің орынбасары, Президент істері жөніндегі министрі Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates