Өзбекстан Президенті Бішкекке келді

    Билік 26 Yanvar 2023 4081

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев жұбайымен бірге мемлекеттік сапармен Бішкек қаласына келді.

    Екі елдің мемлекеттік туларымен безендірілген «Манас» халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі меймандарды Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров жұбайымен қарсы алды.

    Осында мемлекет басшыларына Өзбекстан мен Қырғызстан халықтарының достығын дәріптейтін музыкалық-фольклорлық қойылымдар көрсетілді.

    Содан кейін Мемлекет басшысы Қырғызстан Премьер-Министрі Ақылбек Жапаровпен бірге «Ата-Бейіт» ұлттық тарихи-ескерткіш кешеніне барды.

    Мемлекет басшысы 1916 жылғы қайғылы оқиға құрбандарын еске алуға арналған «Үркүн» монументіне гүл шоқтарын қойды.

    Атаулы кешен 2000 жылы Қырғыз мемлекеттілігінің маңызды кезеңдерінің тарихи жадын қалпына келтіру және сақтау мақсатында құрылған. Қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматовтың ұсынысымен ескерткішке «Ата-Бейіт» – «Әкелер бейіті» деген атау берілген.

    Мемлекеттік сапардың негізгі шаралары ертең, 27 қаңтарға жоспарланған.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates