Шавкат Мирзияев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-сессиясы төрағасымен кездесті

    Билік 6 Iyul 2021 6491

    6 шілдеде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстанға сапармен келген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясының төрағасы Волкан Бозкирді қабылдады.

    Кездесу барысында тараптар халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, Өзбекстанның БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелерімен көпжақты ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын талқылады.

    Мемлекет басшысы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бүгінгі жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру, соның ішінде коронавирустық пандемия салдарын жою сияқты басым бағыттар бойынша еліміз бен оның институттары мен құрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті.

    Өзбекстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі ретінде осы саладағы маңызды бастамаларды белсенді түрде алға жылжытуда және жаһандық күн тәртібін жүзеге асыруға қатысуда.

    Сонымен қатар, соңғы жылдары Өзбекстан Орталық Азиядағы ынтымақтастықты нығайту, аймақтағы туризмді тұрақты дамыту және қолдау, ағартушылық пен діни төзімділік, Арал теңізі жағалауында экологиялық инновациялар мен технологиялар аймағын құру сияқты маңызды мәселелер бойынша Бас Ассамблеяның бірқатар арнайы қарарларын әзірледі және қабылдады.

    Бас ассамблеяның қазіргі сессиясының төрағасы Волкан Бозкир Өзбекстанның халықаралық аренада, әсіресе БҰҰ-да беделі өсіп келе жатқанын, Мемлекет басшысының жаһандық және аймақтық бастамалары халықаралық қоғамдастықта кең қолдау тауып отырғанын атап өтті.

    Кездесуде Өзбекстан және Орталық Азия аймағының экономикалық және әлеуметтік дамуы, гендерлік теңдік пен жастарды қолдаудың, соның ішінде парламентаралық ынтымақтастықтың, қоршаған ортаны қорғаудың, вакциналарға қол жетімділікті кеңейтудің өзекті мәселелері бойынша серіктестікті ынталандыру және басқа да мәселелер талқыланды.

    Бұданбөлек, Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелеріне тоқталды.

    Кездесу соңында Өзбекстан мен БҰҰ институттары арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша тығыз әрі жемісті диалогты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates