Шавкат Мирзиёев «BYD» компаниясының президентін қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 27 маусымда Жызақ облысына жұмыс сапары барысында «BYD» компаниясының президенті Ван Чуаньфуды қабылдады.

    Жызақтағы гибридті және электрлі көліктер шығаратын бірлескен кәсіпорынның табысты жұмысы атап өтілді. Бүгін зауыттан алғашқы электромобиль шықты.

    Жобаның бірінші кезеңі аясында 160 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1200 жұмыс орны ашылды. Кәсіпорында дәнекерлеу, бояу және құрастыру процестерін қамтитын жоғары технологиялық өндіріс жолға қойылған.

    Кездесуде Мемлекет басшысы жақын арада модельдер қатарын кеңейтіп, өндіріс қуатын жылына 500 мыңға дейін жеткізу қажеттігін айтты.

    Құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді жергіліктендіру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, автомобильдерді Орталық Азия мен ТМД нарығына экспорттау жобаларына ерекше назар аударылды.

    Компанияның Өзбекстанда «жасыл» көлікті дамытудың жобасына қатысу жоспарлары да қолдау тапты. Оның ішінде бірлескен инновациялық ғылыми-зерттеу орталығын құру, кадрларды оқыту, электр көлігінің техникалық регламенттері мен стандарттарын әзірлеу, «Blade» соңғы буынды батареялары мен «BYD» электробустарының өндірісін қамтиды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates