Өзбекстан Президенті «Coca Cola» компаниясының бас директорын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 15 мамыр күні «Coca Cola» компаниясының төрағасы әрі бас директоры Джеймс Куинсиді қабылдады. Кездесуге «Anadolu Group» компаниясының төрағасы Тунжай Узилхан да қатысты.

    «Coca Cola» алкогольсіз сусындар шығаратын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылады, оның қызметі 200-ден астам елдің нарығын қамтиды, оның 200-ден астам бренді және 950-ден астам өндіріс орындары бар.

    Компанияның Өзбекстандағы эксклюзивті серіктесі - «Coca Cola İçecek» Түркияның «Anadolu Group» құрамына кіреді. Қазір Өзбекстанда компанияның Ташкент, Үргеніш, Наманган облыстарындағы 3 зауыты жұмыс істеуде.

    Кездесуде «жасыл» шешімдерді, энергия мен суды үнемдейтін технологияларды енгізуді қоса алғанда, азық-түлік саласындағы ынтымақтастықтың оң серпіні атап өтілді. Бүгін Самарқанд облысында жаңа кәсіпорын іске қосылды. 2025 жылы Наманган облысында бесінші зауыт іске қосылады.

    Инновациялық қызмет пен ғылыми зерттеулерді дамытудың, инженерлер мен сала мамандарын даярлаудың маңыздылығы сөз болды. Инвестициялық бағдарламаны одан әрі кеңейту, өнім түрлерін ұлғайту, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды шығару туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    Мемлекет басшысы келешегі зор жобаларды жеделдете жүзеге асыру үшін бөлек «жол картасын» қабылдауды тапсырды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates