Өзбекстан Президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 7-9 тамыз күндері мемлекеттік сапармен осы елде болады.

    Сапар бағдарламасына сәйкес, екі ел басшыларының келіссөздері мен Президенттердің төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдету мәселелері, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті аспектілері қарастырылады.

    Сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, энергетика, ауыл және су шаруашылығы және басқа да басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге айрықша назар аударылады.

    Екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған құжаттар кешені қабылданады деп күтілуде.

    Айта кету керек, мемлекеттік сапар аясында Қазақстан астанасында іскерлік және мәдени шаралар өтуде. Өзбектің ұлы ақыны әрі ойшылы Әлішер Науаи мүсінінің ашылуы жоспарланған.

    Өзбекстан Президенті сондай-ақ 9 тамыз күні Астана қаласында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуіне және «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates