Өзбекстан Президенті Дубайға келді

    Билік 30 Noyabr 2023 2451

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның шақыруымен 30 қарашада жұмыс сапармен Дубай қаласына келді.

    Жоғары мәртебелі мейманды әуежайда БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухайл әл-Мазруи күтіп алды.

    Ертең, 1 желтоқсанда Мемлекет басшысы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысып, осы жаһандық саммиттің пленарлық отырысында сөз сөйлейді.