Сапар бағдарламасына сәйкес, Душанбе қаласында Орталық Азия елдері басшыларының келесі Консультативтік кездесуі мен Халықаралық Аралды құтқару қорының негізін қалаушы елдер басшыларының кездесуі өтеді.
Сондай-ақ Өзбекстан Президентінің екіжақты келіссөздері мен басқа да шараларға қатысуы жоспарланған.