Өзбекстан Президенті Германияға барады

    Билік 29 Aprel 2023 3415

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен осы жылдың 2-3 мамыр күндері осы елге сапармен барады.

    Сапар бағдарламасында Берлин қаласында Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайер және Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен екіжақты кездесулер көзделген.

    Өзбекстан мен Германия арасындағы көп қырлы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылып, халықаралық күн тәртібінің түрлі аспектілері бойынша пікір алмасылады.

    Германияның жетекші компанияларымен инновациялық-технологиялық әріптестікті кеңейтуге бағытталған перспективалық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта Мемлекет басшысы осы елдің бизнес басшыларымен арнайы кездесу өткізеді.

    Сапар барысында Джеймс Саймонс галереясында «Өзбекстанның археологиялық қазыналары. Македониялық Ескендірден Кушан империясына дейін» атты көрменің ашылуы да жоспарланған.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates