Шавкат Мирзияев Дүниежүзілік банк делегациясын қабылдады

    Билік 30 Sentabr 2021 3499

    30 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкент экономикалық форумы аясында Ташкентте болып тұрған Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьерде бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде Өзбекстан мен осы жетекші халықаралық қаржы институты арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.

    2021 жылдың мамыр айында Банк делегациясының Өзбекстанға жасаған сапарынан кейінгі кезеңдегі қол жеткізілген практикалық нәтижелер атап өтілді.

    Атап айтқанда, бірлескен «жол картасы» қабылданды және ол бүгінде сәтті жүзеге асырылуда, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылды.

    Орташа қалаларды дамыту, электр энергетика секторын жаңғырту, салық әкімшілігін жетілдіру бойынша жобаларды іске асыру үшін қолайлы шарттармен несие беру мақұлданды.

    Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Дүниежүзілік банктің 4,8 миллиард долларлық қаржы ресурстарын қамтитын 26 жоба ынтымақтастық портфелін құрайды.

    Сонымен қатар, тараптар кедейлікті азайтудың әдістемелік негізін дайындау, жеке сектордың инвестициялық жобаларын қолдау, мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауды жалғастыру және Өзбекстанда күн энергиясын дамыту бойынша бірлескен жұмыс нәтижелерін талқылады.

    Дүниежүзілік банктің бастамасымен іске қосылған халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың «Елдік платформасы» өз жемісін беріп жатқаны айтылды.

    Вице-президент Анна Бьерде Жаңа Өзбекстандағы реформалардың барысын жоғары бағалап, олардың дұрыс бағытта екенін айтты.

    Кездесу барысында ынтымақтастықтың жаңа бесжылдық бағдарламасын дайындау мен қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

    Дүниежүзілік банктің аймақтағы кәсіпкер әйелдер арасындағы жаңа көпжақты диалог алаңын құру бастамасы қолдау тапты.

    Болашақ оқиғалар мен диалогтардың жоспары қаралды, бірлескен жобаларды жеделдетудің алғашқы шаралары келісілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates