Өзбекстанның Жызақ облысында электромобиль шығару жолға қойылды

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапардың іскерлік бағдарламасы аясында Шэньчжэнь қаласындағы жетекші қытайлық «BYD» компаниясының бас кеңсесі мен технологиялық орталығына барды.

    Бұл компания заманауи инновациялық автомобильдер мен жаңа буын аккумуляторларын өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады.

    Сапар барысында компанияның жетістіктеріне, автокөліктердің және басқа да техника түрлерінің өндірісі мен перспективалық үлгілеріне арналған көрме, компанияның жаңа технологиялары мен озық әзірлемелерінің көрсетілімі өтті.

    Мемлекет басшысы компания президенті Ван Чуаньфумен бірге Жызақ облысында жылына 50 мың гибридті және электромобиль құрастыру жобасының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.

    Президент жақын арада нарық сұранысына қарай модельдер ассортиментін кеңейтіп, өндіріс қуатын жылына 300 мың бірлікке дейін арттыру қажеттігін атап өтті.

    Сондай-ақ компанияның Өзбекстандағы «BYD» электробустарын құрастыруды қолға алу, қосалқы бөлшектерді локализациялау және инженерлік қызмет көрсету орталықтарын құру жөніндегі жоспарлары қолдау тапты.

    Сапар барысында Мемлекет басшысына компанияның Өзбекстанға 10 мыңшы көлігін жеткізіп жатқанының белгісі ретінде YANGWANG U8 автокөлігі сыйға тартылды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates