Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ерекше стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары, ең алдымен, сауда-экономикалық салада тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті.
Кездесуде «SK Group» компаниясымен жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру, атап айтқанда, Ташкент облысында мыс фольга өндірісін ұйымдастыру бойынша практикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Шикізатты терең өңдеу және жоғары қосылған құны бар дайын өнім шығару бойынша перспективалық жобаларға ерекше назар аударылды. Жартылай өткізгіш өнеркәсібінде инженерлік кадрларды даярлау және ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарлары қолдау тапты.
Кореяның Сауда-өнеркәсіп палатасының басым секторлардағы кооперация жобаларын іске асыруға елдің жетекші компанияларының тікелей инвестицияларын тартуға белсенді қатысуының маңыздылығы сөз болды.