Шавкат Мирзияев ҰҚШҰ саммитіне қатысты

    Билік 23 Avgust 2021 5460

    23 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ауғанстандағы жағдайға арналған бейнеконференция түрінде өткен кезектен тыс сессиясына қонақ ретінде қатысты.

    Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен өткен кездесуге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян мен ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зас қатысты.

    Кездесуде тараптар көршілес Ауғанстандағы ахуал мен аймақтағы тұрақтылыққа төнетін қатерлерге қарсы әрекет ету шаралары туралы пікір алмасты.

    Өзбекстан Республикасы Президенті сяссия қатысушыларына аймақтық қауіпсіздікті нығайту, оның ішінде Ауғанстанмен мемлекеттік шекараны сенімді қорғау бойынша қабылданған шаралар туралы хабардар етті.

    Мемлекет басшысы аймақ елдерінің тиісті құрылымдарымен Ауғанстан бойынша жемісті ынтымақтастық пен жедел ақпарат алмасуды қанағаттанушылықпен атап өтті.

    Саммит соңында аймақтағы жағдай бойынша консультациялар мен тұрақты ақпарат алмасуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates