Өзбекстан Президенті Орталық Азия – ЕО» саммитінде сөз сөйлеп, Ташкентте Еуропа кеңесі Президентін қабылдайды

    Билік 26 Oktabr 2022 5232

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 27 қазанда «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапармен Астана қаласына барады.

    Атаулы шараға Еуропа Кеңесінің Президенті Шарль Мишель және аймақ елдерінің басшылары қатысады.

    Саммиттің күн тәртібіне сәйкес саяси диалогты дамыту перспективалары, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық әріптестік және мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру мәселелері талқыланады.

    Осы күні кешкі уақытта Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Өзбекстан Республикасына келеді деп күтілуде.

    28 қазанда Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Өзбекстанның Еуропалық Одақпен екіжақты және көпжақты ынтымақтастығына қатысты кең ауқымды мәселелер қарастырылады.

    Жоғары мәртебелі мейман Өзбекстанға сапары барысында Самарқанд қаласына барады.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates