Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
Бүгін Шолпан-Атада екінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті өтеді. Оның күн тәртібінде аймақ елдерінің Еуропалық Одақпен сындарлы диалогын және практикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелері орын алған.