Өзбекстан Президенті «Орталық Азия – Германия» саммитіне қатысады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 17 қыркүйек күні Орталық Азия елдері мен Германия басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Астана қаласында болады.

    Саммитте аймақ елдерінің Германиямен көпжақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту және тереңдету мәселелері талқыланады.

    Сауда-экономика, инвестиция, технологиялар, көлік-коммуникация және басқа да басым салалардағы практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылады. Сондай-ақ Германияның жетекші компаниялары мен банктерінің басшыларымен бірлескен кездесу өткізу жоспарланған.

    Айта кетейік, «Орталық Азия – Германия» форматындағы бірінші саммит өткен жылдың 29 қыркүйегінде Берлин қаласында өткен еді.