Өзбекстан Президенті Орталық Азия мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші саммитіне қатысады

    Билік 1 Iyun 2023 4927

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» форматындағы кезекті жоғары деңгейдегі кездесуге қатысу үшін 2 маусымда Чолпонота қаласына (Қырғыз Республикасы) жұмыс сапармен барады.

    Шараға аймақ елдерінің басшылары мен Еуропа Кеңесінің төрағасы Шарль Мишель қатысады деп күтілуде.

    Күн тәртібінде Орталық Азия елдерінің Еуропалық Одақпен сындарлы диалогты одан әрі дамыту және практикалық ынтымақтастығын кеңейту мәселелері орын алған.

    «GSP+» жүйесін пайдалана отырып, өзара сауданы ұлғайту, инвестициялық және инновациялық жобалар үшін қолайлы жағдай жасау және оларды ілгерілетуге көмектесу, «жасыл» энергияны енгізу, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін іске асыру, цифрлық өзара байланыс, экология, туризм, мәдениет және т.б. бағыттар бойынша әріптестік аспектілері басты назарда болады.

    Саммит аясында бірқатар екіжақты кездесулер де жоспарланған.

    Айта кетейік, мұндай форматтағы алғашқы өңірлік кеңес 2022 жылдың 27 қазанында Астана қаласында өткен еді.