Жоғары мәртебелі мейманды «Мальпенса» әуежайында Ломбардия облысының басшылығы қарсы алды.
Ертең Мемлекет басшысы осы облыстың губернаторымен кездесіп, Италияның жетекші компаниялары мен ұйымдарының басшыларымен дөңгелек үстел отырысын өткізеді.
Сондай-ақ, «ITMA 2023» тоқыма машиналарының ең ірі халықаралық көрмесіне бару жоспарланған.