Мемлекет басшысы Орталық Азияда сындарлы диалог пен көпқырлы ынтымақтастықты дамытуда БҰҰ-ның Аймақтық орталығымен және басқа құрылымдармен тиімді ынтымақтастық жасалып жатқанын атап өтті.
Кейінгі бірнеше жылда Өзбекстан бастамасымен және бүкіл халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Бас Ассамблеяның аймақтағы әріптестіктің ең өзекті бағыттары бойынша төрт қарары қабылданды.
Орталықтың тікелей қатысуымен Өзбекстанда бірқатар ірі халықаралық форумдар мен кездесулер бірлесіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдерінің диалогы мен Жастарға арналған превентивтік дипломатия академиясының платформалары іске қосылды.
Наталья Герман Өзбекстан Президентіне аймақтағы достық, тату көршілік пен сенім атмосферасын нығайтуға, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызмет еткен маңызды бастамалары үшін терең ризашылығын білдірді.
БҰҰ-ның жоғары мәртебелі өкілі өзінің жаңа қызметінде – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің Атқарушы құрылымының басшысы лауазымында Өзбекстанмен аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде тығыз ынтымақтастық жалғасатынын баса айтты.