Өзбекстан Президенті Мысыр басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

    Билік 21 Dekabr 2023 3199

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесуінде оны 21 желтоқсанда өткен Президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.

    Сайлаушылардың белсенді қатысуы және дауыс беру нәтижелері достас Мысыр халқының қазіргі мемлекет басшысының саясаты мен реформалар бағдарламасын кеңінен қолдайтынын көрсететіні атап өтілді.

    Өзбекстан-Мысыр кең ауқымды серіктестік қатынастарын одан әрі нығайту және көпжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

    Осы жылдың ақпан айында Каирге жоғары деңгейдегі сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Кеездесу мен алмасудың белсенді жалғасып жатқаны атап өтілді. Өзара сауда көлемі артып келеді. Ауыл шаруашылығы, геология, сумен жабдықтау, көлік, логистика, химия өнеркәсібі және басқа да басым салаларда ынтымақтастық жобалары басталды.

    Екіжақты үкіметаралық комиссия мен Іскерлер кеңесінің отырыстарын тұрақты түрде өткізуге келісілді.

    Сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates