Әуежайда Мемлекет басшысын Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Бүгін Астанада бірінші «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммиті өтеді. Оның күн тәртібінде аймақ елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері орын алған.