Мемлекет басшысын Астана халықаралық әуежайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Ертең екі ел басшыларының төрағалығымен Жоғары мемлекетаралық кеңестің бірінші отырысы өтеді.
Келіссөздер барысында Өзбекстан-Қазақстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын тереңдету, саясат, сауда-экономика, инвестиция, көлік-коммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланады.
Бағдарламаға сәйкес, Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуі және «Орталық Азия + Жапония» форматындағы диалогқа қатысу да жоспарланған.