Кездесу басында вице-президент Инмин Янг Мемлекет басшысына АДБ президенті Масато Канданің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізіп, форумның табысты ұйымдастырылуымен құттықтады.
Жаңа Өзбекстанда артқа қайтапас сипат алған реформалар стратегиясын іске асыру аясында бұл жетекші халықаралық қаржы институтымен ынтымақтастықты тереңдетудің практикалық қырлары қаралды.
Соңғы жылдары әріптестікте жоғары деңгейге қол жеткізілгені атап өтілді. Бүгінде «жасыл» энергетика, көлік, цифрлық трансформация, білім беру және өзге де бағыттарды қамтитын жобалар портфелі 14 миллиард долларға жетті.
Мемлекет басшысы АДБ-мен инфрақұрылым, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, бизнес, әлеуметтік сала және капитал нарығын дамытуға арналған жаңа жобаларды қамтитын кең ауқымды стратегиялық серіктестік бағдарламасын әзірлеудің маңызын атап өтті.
Кедейлікке қарсы күрес, маңызды минералдарды қайта өңдеу, бюджеттік қолдау, бірлескен инвестициялық платформа құруға қатысты жобаларды ілгерілетуге айрықша назар аударылды.
Сондай-ақ Банктің Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы жиынына дайындық мәселелері және оны келесі жылы Өзбекстанда өткізу шаралары талқыланды.