Өзбекстан Президенті Әзербайжан делегациясын қабылдады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 17 қазан күні елімізге жұмыс сапарымен келген Әзербайжан Республикасының Сыртқы барлау қызметінің басшысы Орхон Султановты қабылдады.

    Кездесу басында Әзербайжан мекемесінің басшысы Мемлекет басшысына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шынайы сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Өзбекстан мен Әзербайжан арасындағы одақтастық және жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынастарын жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыру аясында одан әрі тереңдету мәселелері талқыланды.

    Екі ел арасында түрлі деңгейлерде белсенді диалогтар мен тиімді алмасулар жалғасып жатқандығы, өзара сауда және инвестициялар көрсеткіштерінің тұрақты өсіп келе жатқандығы айтылды. Сондай-ақ тараптар кооперациялық жобаларды қолдау мен жеделдету және мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізу бойынша шаралар қабылдап жатқанын ерекше қанағатпен атап өтті.

    Терроризм, экстремизм және радикализм, киберқылмыстар мен қауіпсіздікке төнетін басқа да заманауи қауіптерге қарсы күрес бойынша арнайы қызметтердің ведомствоаралық ынтымақтастығын нығайту мен тиімді үйлестіру маңызды екені сөз болды.

    Сонымен қатар, Ауғанстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуге бағытталған іс-қимылдарды кеңейту мәселелері де талқыланды.