Шавкат Мирзияев пен Имран Хан телефон арқылы сөйлесті

    Билік 5 Aprel 2022 4611

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 5 сәуірде Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Имран Ханмен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат барысында Басшылар бірін-бірі қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтап, елдеріміздің достас халықтарына бейбітшілік, амандық пен бақ-береке тіледі.

    Осы жылдың 3-4 наурызында Пәкістанға жоғары деңгейдегі мемлекеттік сапардың қорытындысы бойынша қабылданған бірлескен «жол картасын» іске асыру барысы қаралды. Ең алдымен сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, туризм, мәдениет және басқа да басым салалардағы ынтымақтастықтың көп қырлы жобалары мен бағдарламаларын уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығы айтылды.

    Сондай-ақ, тараптар аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Сұхбат соңында Өзбекстан басшысы Пәкістан Үкіметі мен халқына елдегі алдағы маңызды саяси оқиға – парламенттік сайлауы табысты өтуін тіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates