Өзбекстан Президенті Қатардан келген делегацияны қабылдады

    Билік 9 Iyun 2021 4372

    9 маусымда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қатар мемлекетінің Премьер-Министрінің орынбасары және сыртқы істер министрі шейх Мухаммад бен Абдурахман Әл-Тани бастаған делегацияны қабылдады.

    Кездесуде Мемлекет басшысы соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастықтың қарқыны үдей түскенін атап өтті. Толықтыра айтқанда, жоғары деңгейдегі сапарлар мен саяси консультациялар өткізілді, тауар айналымы өсуде. Кәсіпкерлік және туризм саласындағы алмасуды ынталандыру үшін Қатар азаматтарының Өзбекстанда болуына визалық талаптар жеңілдетілді.

    Өзбекстан Президенті Қатар Әмірі Шейх Тамим Әл-Сани біздің елге ресми сапармен келуге шақыруын мақұлдады.

    Қатар делегациясының басшысы өз кезегінде Өзбекстан басшысына жылы қабылдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіріп, Қатар Әмірінің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

    Әңгіме барысында Өзбекстан Президенті бүгін қол қойылған әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісімге сәйкес сауда, инвестиция, инновация, қаржы және техникалық салалардағы, сондай-ақ көлік саласындағы практикалық серіктестікті құру мен кеңейтудің маңызды екенін фтап өтті.

    Бірлескен инвестициялық қор құру, жетекші Қатарлық компаниялар мен банк-қаржы институттарын тарта отырып, өнеркәсіп саласында заманауи өндірістерді іске қосу, ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу, инфрақұрылымды жаңарту бойынша перспективалық жобаларды терең дайындау және жылжытудың маңыздылығы сөз болды.

    Сондай-ақ, екі ел де білім, ғылым, мәдениет және қажылық туризм саласындағы алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға мүдделі екендігі растады.

    Кездесуде халықаралық саясаттың және аймақтық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Қатар Сыртқы істер министрлігінің басшысы Өзбекстанның Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен шешу және елдің экономикалық қалпына келуіне ықпал ету жөніндегі белсенді әрекеттерін жоғары бағалап, оған қолдау білдірді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates