Өзбекстан Президенті Қырғызстан Президентін құттықтады

    Билік 6 Dekabr 2021 3298

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 желтоқсан күні Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентін туған күнімен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыстар, ал бауырлас қырғыз халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы көп ғасырлық достық пен тату көршілік қарым-қатынасқа негізделген стратегиялық серіктестік тұрақты түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.

    Әртүрлі деңгейдегі сындарлы диалог пен белсенді алмасуды жалғастыру, тауар айналымын ұлғайту, машина жасау, энергетика және электротехника, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және т.б. салалардағы маңызды ынтымақтастық жобаларын бірлесіп ілгерілетудің маңыздылығы сөз болып, іскерлік және өңірлік деңгейдегі практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, мәдени-гуманитарлық бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

    Сондай-ақ, Президенттер халықаралық және өңірлік күн тәртібі туралы пікір алмасты.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates