Мемлекет басшысы Қырғызстан көшбасшысына мықты денсаулық, отбасылық бақыт, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформаларды іске асыруда табыс, ал бауырлас қырғыз халқына гүлдену мен өркендеу тіледі.
Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достық, тату көршілік және жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастарын одан әрі кеңейту мен нығайту мәселелері талқыланды.
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға ерекше назар аударылды.
Мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
Жыл басынан бері тауар айналымының көлемі 700 миллион доллардан асты. Бірлескен инвестициялық қор табысты жұмыс істеп тұр, машина жасау, энергетика, электротехника, тоқыма өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда кооперациялық жобалар жүзеге асырылуда. Өңіраралық және іскерлік байланыстар, мәдени алмасулар белсенді түрде дамып келеді.
Энергетика мен көлік салаларында ірі өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетудің маңыздылығы сөз болды.
Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың жоспарын талқылады.