Лого Лого-пв-уз

    Өзбекстан Президенті Қырғызстанға келді

    Билік 20 Iyul 2022 2081

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 20 шілде күні Шолпан-Ата қаласына келді.

    Әуежайда Мемлекет басшысын Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

    Еске сала кетсек, ертең, 21 шілдеде Шолпан-Атада Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесуі өтеді. Саммитте сауда, көлік-логистика, өнеркәсіптік кооперация, инновациялар, азық-түлік қауіпсіздігі, туризм, мәдени-гуманитарлық салалардағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері талқыланады. Сондай-ақ өңірдегі тұрақтылық пен дәйекті дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша пікір алмасады.

    Саммит соңында бірқатар маңызды көпжақты құжаттар қабылдануы көзделген.

    Айта кетейік, Орталық Азия елдері басшыларының Консультативтік кездесулерін өткізу туралы бастаманы Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2017 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 72-сессиясында көтерген болатын.

    Аймақ басшыларының бірінші саммиті 2018 жылдың наурыз айында Нұр-Сұлтанда, екінші саммиті 2019 жылдың қарашасында Ташкентте, үшінші саммиті өткен жылдың тамыз айында Түркіменстанның «Аваза» ұлттық туристік аймағында өтті.

    No date selected
    September 2022
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates