Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті

    Билік 6 Yanvar 2022 3218

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат барысында екі ел басшылары Қазақстандағы жағдайдың түс алуы, республикадағы жағдайды тұрақтандыру, бейбітшілік пен тыныштықты тезірек қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы пікір алмасты.

    Өзбекстан басшысы бауырлас Қазақстан халқы мен басшылығының елдің тұрақтылығы мен өркендеуін қамтамасыз ету жолындағы күш-жігерін одан әрі қолдайтынын қуаттады.