Өзбекстан Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентін құттықтады

    Билік 6 Iyul 2022 4469

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 шілде күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.

    Сұхбат басында Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және табыс тіледі.

    Әңгімелесу барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік қарым-қатынастары кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді.

    Халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті Өзбекстан басшысына құттықтауы үшін алғыс айтып, елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар дәйекті түрде жалғасатынына сенім білдірді.

    Сұхбат соңында Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев бірін-бірі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарымызға бейбітшілік пен амандық тіледі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates