Өзбекстан Президенті ресми сапармен Түркияға барады

    Билік 4 Iyun 2024 1602

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 6 маусым күні осы елге ресми сапармен барады.

    Сапар аясында екі ел басшыларының төрағалығымен Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысын өткізу жоспарланған.

    Саммиттің күн тәртібінен Өзбекстан-Түркия жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі дамыту және нығайту мәселелері орын алған.

    Практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, ең алдымен, сауда көлемін арттыруға, өнеркәсіп, «жасыл» энергетика, электротехника, тоқыма, фармацевтика, ауыл шаруашылығы және басқа салалардағы, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасының шеңберінде ынтымақтастық жобаларын ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

    Сонымен қатар, белсенді мәдени-гуманитарлық алмасуды жалғастыру мәселелері қарастырылады. Халықаралық саясаттың өзекті аспектілері бойынша пікір алмасылады.

    Жоғары деңгейдегі келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарды қабылдау көзделген.

    Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Түркия Президенттері екі елдің жетекші кәсіпорындары және компанияларының басшыларымен алғашқы бірлескен кездесуін өткізеді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates