Өзбекстан Президенті Ресей басшысын әуежайдан құрметпен шығарып салды

    Билік 28 May 2024 2055

    Өзбекстан-Ресей саммиті жемісті аяқталды.

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапары аясында бірқатар бірлескен іс-шаралар өтті.

    26 мамыр күні Мемлекет басшылары «Жаңа Өзбекстан» кешеніне бірге барып, Ресей басшысы Тәуелсіздік монументіне гүл шоғын қойды.

    27 мамырда жоғары деңгейдегі шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өтіп, оның барысында Президенттер екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады, делегация мүшелерінің негізгі бағыттар бойынша баяндамаларын тыңдады, халықаралық және аймақтық маңызы бар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

    Мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесіне қол қойылып, үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасу рәсімі өтті.

    Шавкат Мирзиёев және Владимир Путин бірге Ташкент қаласындағы Жеңіс саябағына барып, онда «Ерлік әнұраны» монументіне гүл шоғын қойып, Өзбекстанның Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіске қосқан үлесі туралы баяндайтын мұражаймен танысты.

    Дәл осы күні Президенттердің төрағалығымен Өзбекстан мен Ресей өңірлері кеңесінің бірінші отырысы өтіп, онда өңіраралық диалогты одан әрі нығайту және оны жаңа практикалық мазмұнмен байыту бойынша басым бағыттар айқындалды.

    Мемлекеттік сапар аяқталғанан кейін Президент Владимир Путинді Ташкент халықаралық әуежайынан Президент Шавкат Мирзиёев құрметпен шығарып салды. Мемлекет басшылары жылы лебіздерін білдіріп, қоштасты.

    No date selected
    June 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates