«Внуково» әуежайында Мемлекет басшысын Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Максим Орешкин және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең, 8 қазан күні ТМД саммитінің негізгі іс-шаралары өтеді. Күн тәртібінде ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты маңызды мәселелер қаралады.