Өзбекстан Президенті Сауд Арабиясы мен Әзербайжанға барады

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 11-13 қараша күндері халықаралық саммиттерге қатысу үшін Сауд Арабиясы мен Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барады.

    Қасиетті екі мешіттің қызметшісі - Сауд Арабиясының Корольі Салман бин Абдулазиз Әл-Саудтың шақыруымен Мемлекет басшысы 11 қараша күні Газа мен Ливандағы шиеленістің күшеюіне және Таяу Шығыстағы қақтығысты тез арада шешу жолдарын қарастыруға арналған кезектен тыс Араб-ислам саммитіне қатысады.

    12-13 қараша күндері Өзбекстан басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыртуымен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясының (COP29) 29-сессиясына қатысады.

    Өзбекстан Президентінің бұл саммиттерде сөз сөйлеп, сондай-ақ шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізуі жоспарланған.