Көне Сиань қаласының халықаралық әуежайында екі елдің туы көтеріліп, мәртебелі меймандардың құрметіне құрметті қарауыл сап тартты, ұлттық ән мен биден құралған салтанатты шара өтті.
Өзбекстан басшысын Қытай Халық Республикасының Мәдениет және туризм министрі Ху Хэпин, Шэньси провинциясының губернаторы Чжао Ган және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы 18 мамырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізеді.
19 мамырда Өзбекстан Президенті «Орталық Азия – Қытай» бірінші саммитіне қатысады.