Шавкат Мирзияев Тәжікстан Президентін мерейтойымен шын жүректен құттықтады

    Билік 5 Oktabr 2022 4769

    5 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

    Мемлекет басшысы Тәжікстан басшысын 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, оған зор денсаулық, бақыт және толағай табыстар, ал бауырлас Тәжікстан халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

    Президент Эмомали Рахмонның заманауи Тәжікстанды құрудағы және елдің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы рөлі, Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды бүгінгі жоғары деңгейге жетудегі рөлі ерекше атап өтілді.

    Сұхбат барысында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтар мен қабылданған келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және басқа да маңызды салалардағы ынтымақтастықтың басым жобаларын ілгерілетуге қызмет ететін Бірлескен инвестициялық қордың өз жұмысын бастағаны айтылды.

    Белсенді өңіраралық диалогтарды одан әрі кеңейту, екі елде бірлескен іскерлік және мәдени іс-шаралар өткізу маңызды екені сөз болды.

    Сондай-ақ, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды, алдағы көпжақты кездесулердің жоспары қарастырылды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates